Атырау. 27 қаңтар. ҚазТАГ – Атырау облысында деструктивті діни ағым ұстанушыларынан есірткі заттары тәркіленді, деп хабарлады өңірдегі ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен.
«13 қаңтарда ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті Ақтөбе облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде өсімдік түрлі есірткі тасымалдау арнасын ұйымдастыруға қатысты бар топ мүшелерін құрықтады», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы (есірткі, психотропты заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды
Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының шешімімен күдіктілерге қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылды.
Хабарда атап өтілгендей, ұсталған азаматтар деструктивті діни ағым ұстанушылары.
Тергеу амалдары жалғасуда.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08