Атырау облысында Германия капиталының үлестік қатысымымен өндірісті кеңейтпекші

Күні: 15:55, 30-10-2014.

Атырау. 30 қазан. ҚазТАГ - Атырау облысында Германия капиталының үлестік қатысымымен өндірісті кеңейтпекші, деп хабарлады облыс әкімінің м.а. Ғұмар Дүйсембаев.

«Облыс аумағында Германияның үлестік капиталының қатысуымен 15 кәсіпорын жұмыс жасап жатыр. Алайда бұл біздің мүмкіндіктеріміздің шегі емес. Жаңа өнеркәсіптерді орнату үшін біз мемлекет есебінен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым  тартылған индустриалды аймақ аумағынан және жалпы көлемі 3476 гектар болатын «Ұлттық индустриалды мұнайхимия технопаркі» арнайы экономикалық аумағынан жер учаскесін ұсынуға дайынбыз», - деді Ғ. Дүйсембаев Алматыда Германияның бас елшісі Ренат Шимкорайтпен кездесуде.  

Оның ақпарынша, ағымдағы жылы Атырау облысының Германиямен тауар айналымы  $108,7 млн, құрап, былтырмен салыстырғанда 2,2 есеге артқан. Атырау облысы Қазақстандағы барынша дамыған индустриалды өңірлердің бірі болып табылады. Мұнда  шамамен 600 ірі және орта кәсіпорындар жұмыс жасайды, олардың ҚР өнеркәсіптік өндіріс көлеміндегі үлесі 25% құрайды.

Өңір әлемнің 50-ден астам елімен табысты әріптестік орнатқан. Облыста 900-ден астам біріккен және шетелдік кәсіпорындар құрылған және табысты жұмыс жасап келеді.  

Атырау облысыың негізгі экспортын мұнайхимия өнімдері, қара металдар қалдығы мен сынықтары, қайта өңдеуге арналған құймалар құраса, импортын – тазарту құралдары, резеңке шиналар, цемент, майлау материалдары, темірдің жалпақ прокаты құрап отыр.  


Жаңалықтармен бөлісу: