Атырау облысында күн электр стансасын тұрғызу үшін бельгиялық компаниямен БК құрылады

Атырау. 20 шілде. ҚазТАГ  Атырау облысында күн электр стансасы (КЭС) мен жылыжай кешенінің құрылысы жөніндегі жобаны жүзеге асыру үшін бельгиялық Soltesh компаниясымен бірлескен кәсіпорын құрылатын болады.
«Атырау облысында «Жылыжай кешенінің гибридтік күн электр станса құрылысы» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаны Индер ауданында жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру үшін бельгиялық Soltesh компаниясымен бірлескен кәсіпорын құрылды», - деп хабарлады Атырау облысының әкімдігінен.
«Soltesh Қазақстан» БК ашу және қойылған міндеттерді жүзеге асыру кезінде, компания ауыл шаруашылық жобалар бойынша жеке-жеке БК-лер құруды болжауда.
«Бұл дегеніміз 92 млн долларлық жалпы сомаға күн электр стансасы мен жылыжай кешенін тұрғызу. Аграрлық жобаға бірнеше бағыт кіреді  жылыжай кешендерінде қызанақ және салат өсімдіктерін өсіру, албырт тұқымды балықтарды өсіру, БАӘ-ге ілгергі экспорттау үшін түйе сүтін қабылдау бекетін ұйымдастыру. Аталған жобаларды 20 млн долларлық жалпы сомаға инвесторлар тобымен жүзеге асыруға көзделуде», - деп атап өтті әкімдіктегілер.
Аталмыш жобаларды жүзеге асыру жөніндегі меморандумға қол қою үшін акционерлер, Soltesh компаниясының басшылары, жеке инвесторлар Атырауға келді.

adimage