Атырау облысында көп жағдайдың жартысында ғана «жедел жәрдем» шақыртуларға 15 минутта келіп жетеді

Күні: 16:43, 07-11-2014.

Атырау. 7 қараша. ҚазТАГ – Атырау облысында көп жағдайдың тек 48%-ында ғана «жедел жәрдем» шақыртуларға тиісті 15 минутта және одан ертерек келіп жетеді, деп хабарлады Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Меңдіхан Өтепқалиев.
«Медперсонал мен автокөлік басқарудың заманауи жүйелерінің жоқтығы нәтижесінде әрекет ету, яғни шақыртуларға 15 минутқа дейін барып жету санаты бойынша көрсеткіш облыста 48%-ды құрайды», - деді М. Өтепқалиев жұма күні.
Мұнымен қатар ол республика бойынша 86-90%-дық орташа көрсеткіштерге қол жеткізу үшін облыстық бірыңғай жедел жәрдем қызметін ендіру қажет екенін атап өтті.
«Бүгінде қалалық жедел медициналық жәрдем стансасында жедел меджәрдемнің диспетчерлік, анықтамалық-статистикалық және әкімшіліктік қызметтерінің автоматтандырылған жүйесін облыстың жеті ауданына тапсыру салтанаты өтті. Жедел меджәрдемнің диспетчерлік, анықтамалық-статистикалық және әкімшіліктік қызметтерінің автоматтандырылған жүйесін орнату облыстық бірыңғай жедел меджәрдем қызметін құруға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді ол.
М. өтепқалиевтің айтуынша, бағдарламалық кешен Жылыой, Махамбет, Индер, Исатай, Құрманғазы, Мақат және Қызылқоға аудандарының орталық аудандық ауруханаларының жанындағы жедел медициналық жәрдем бөлімшелерінің базасында орнатылған.


Жаңалықтармен бөлісу: