Атырау облысында ҰҚК шекара қызметінің жауынгері мерт болды

Күні: 17:10, 19-08-2022.

  Атырау. 19 тамыз. ҚазТАГ – Атырау облысында ҰҚК шекара қызметінің жауынгері мерт болды, деп хабарлады «Ақ Жайық».
  «17 тамызда Атырау облысы Исатай ауданында ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің жауынгері мерт болды. ол Каспий теңізі жағасындағы "Жанбай" бекетінде қызмет еткен. 17 тамызда өзге солдаттармен бірге мемлекеттік шекараны қорғау бойынша кезекшілікке атанған. Бірақ жолда көлігі бұзылып қалған. Жауынгер қатты ыстыққа төзе алмай, жан тапсырған сияқты», - деп жазды басылым .
Белгілі болғандай, оның әскери міндетін атқару мерзімі алдағы күзде аяқталуы тиіс болған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Әскери қызметшінің өлімі фактісіне қатысты тергеу органдары қылмыстық іс қозғады.


Жаңалықтармен бөлісу: