Атырау облысында әкімнің бұрынғы әйелінің жәбірленгені туралы арызынан кейін қызметтік тексеру басталды

Атырау. 17 мамыр. ҚазТАГ – Атырау облысында Атырау облысы Мақат ауданы әкімінің бұрынғы әйелінің жәбірленгені туралы арызынан кейін қызметтік тексеру басталды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Бұған дейін азаматша А.Умебкалиева Атырау облысы әкімдігіне жүгінбеген.
Белгілі болған жағдайдан кейін қызметтік тексеру басталды», - деп хабарлады Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметінен.
Ғаламторда аудан әкімі Ринат Ибрагимовтің үстінен арызданған видео тарады. Видеодағы әйелдің айтуынша, Ринат Ибрагимов 11 жыл бойы балаларының көзінше Ақмаралды ұрып-соғып, жәбірлеп келген.

adimage