Атырау облысында колледждің 14 мұғалімі «Аға сарапшылар қызметі» сертификаттарын алды

Күні: 18:12, 11-10-2014.

Атырау. 11 қазан. ҚазТАГ – Атырау облысында колледждің 14 аспаз-мұғалімі «Аға сарапшылар қызметі» (SES) сертификаттарын алды, деп хабарлады кәсіпкерлер палатасының директор орынбасары Нұржан Ғанимұратұлы.
«Атырау облысының 14 мұғалімі «Халықаралық гастрономия мен кулинарияның қазіргі заманғы үдерістері» тақырыбындағы курстар мен практикалық сабақтардан өтіп, сертификаттар алды. Біз ол үшін арнайы осы саладағы сарапшыларды, немістердің экономика және халықаралық ынтымақтастық немесе «Аға сарапшылар қызмет», SES өкілдерін шақырттық», - деді сенбі күні Нұржан Ғанимұратұлы.
Оның айтуынша, неміс сарапшысы Георг Мендинг Атыраудың қонақ үйлерінің мейрамхана қызметкерлеріне мастер-класс өткізді.
«Жақында біз маман дәнекерлеушіні, темір ұстасын, токарьды шақыртпақшымыз. Ондай мамандықтар біздің мұнайлы өңірге өте керек. Олар біздің мамандардың біліктілік деңгейін көтеретініне сенімдімін», - деді  Н. Ғанимұратұлы.
Аға сарапшылар қызметі (SES) 1983 жылдан қызмет атқарады, оны неміс өнеркәсібінің федералдық одағы қаржыландырып отырады.


Жаңалықтармен бөлісу: