Атырау облысында мас жүргізуші 11 жасар баланы қағып кетті

Алматы. 19 маусым. ҚазТАГ – Атырау облысында мас жүргізуші 11 жасар баланы қағып кетті, деп хабарлады «Ақ Жайық».
«16 маусымда кешкісін Қызылқоға ауданы Миялы ауылында «ВАЗ-2107» көлігі көшеде ойнап жүрген 11 жасар баланы қағып кеткен. Ол жарақаттарынан ауруханада көз жұмды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Дәрігерлер нақтылағандай, бала басынан ауыр жарақат алған.
«Құтқара алмадық», - деді аудандық аурухана дәрігері Жайнагүл Ермекбай.
Рөлге мас күйінде отырған 30 жасар жүргізуші уақытша ұстау изоляторына тоғытылған.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.

adimage