Атырау облысында мектептерді түбегейлі жөндеуден өткізуге Т1,2 млрд-тан астам қаражат бөлінді

Атырау. 31 шілде. ҚазТАГ – Атырау облысында мектептерді түбегейлі жөндеуден өткізуге Т1,2 млрд-тан астам қаражат бөлінді, деп мәлім етті облыстық білім басқармасының бастық орынбасары Шәкіржан Мырзағалиев.
«Биыл 26 мектепті түбегейлі жөндеуге жергілікті бюджеттен 1 млрд 231 млн теңге бөлінді», - деді Ш. Мырзағалиев.
Оның айтуынша бүгінге жұмыстың 50%-дан астамы орындалды, оқу жылының басына дейін барлық мектептердегі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталуы тиісті.
«Одан басқа, облыстағы барлық мектептерді ағымдағы жөндеуге 101 млн теңге бөлінді», - деді Ш. Мырзағалиев.

adimage