Атырау облысында меммүлікті заңсыз сату және қолдану дерегі анықталды

Атырау. 10 шілде. ҚазТАГ – Атырау облысында меммүлікті заңсыз сату және қолдану дерегі анықталды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Жылыой су» ҚМК «Intermet Group» ЖШС-мен құны Т16 млн сомаға металлоломды (су өткізу желісі мен су толтыру ыдысы) сату-сатып алу шартын жасасқан. Келісім «Мемлекеттік мүлік туралы» Заң талаптарын бұза отырып жасалған, заңға сәйкес меммүлік аукционда сатылуы керек», - деп хабарлады Атырау облысы прокуратурасынан сәрсенбі күні.
Сонымен қатар, бақылаушы орган ақпарынша, «Құлсары қаласының әкімдігі тендер өткізбестен, құны Т32,4 млн болатын коммуналдық арнайы техниканы «Жылыой тазалық» ЖШС сенімді басқаруына берген».
«Осылайша ҚР ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мүлікті сенімді басқаруға беру қағидасы» бұзылған. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бұзушылықтар жойылған, құны Т48,4 млн тұратын мүлік мемлекетке қайтарылған. Екі лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылған», - деді прокуратурадан.

adimage