Атырау облысында оқулық сатып алуға Т600 млн-нан аса қаражат бөлінді

Атырау. 10 қыркүйек. ҚазТАГ – Мектептерге арналған оқулықтарды сатып алу үшін биыл Атырау облысының бюджетінен Т647 млн бөлінді, деп жазады «Ақ жайық» газеті.
«Мектептерге арналған оқулықтарды сатып алу үшін биыл облыстық әкімдік 647 млн теңге бөлді. Бұл ақша (...) облыстың бүкіл оқушысын тегін оқулықпен 100% қамтамасыз ету үшін жеткілікті», - деп хабарлайды басылым бейсенбі күні облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Бектұр Қалиға сілтеме жасап.
Б. Қалидың мәліметі бойынша, осы жылы 4, 5, 6 және 11 сынып оқушылары үшін оқулық жаңарды, келесі жылы 1, 7 және 8 сынып оқушылары жаңа оқулықтар алады.
«Мемлекеттік жалпы міндетті стандарт бойынша 1-4 сыныптарда 1 оқушыға деген оқулық саны 11 кітапты құрайды, 5-9 сыныптарда – 22, 10-11 сыныптарда – 18», - деп атап өтті ол.
«Тамыздың аяғынан және 7 қыркүйекке дейін біздің департамент облыстық білім басқармасының, облыстық әдістемелік кабинет және БАҚ өкілдерімен бірлесіп оқулықпен 100% қамтамасыз ету үшін облыс мектептерінің мониторингін өткізді. Арнайы құрылған штаб жағдайды бақылауда ұстаған болатын және барлық оқулықтар оқу орындарына дер кезінде жеткізілді. Және де 15 тамызда оқушыларға кітап табыстау басталды. Биыл жергілікті бюджет оқулықпен толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаражат бөлді», - деп баса айтты Б. Қали басылымға берген сұхбатында.

adimage