Атырау облысында полицей жаяу жүргіншіні қағып кеткен деп күдіктелуде

Атырау. 17 қазан. ҚазТАГ - Атырау облысында полицей жаяу жүргіншіні қағып кеткен деп күдіктелуде, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Оқиға 13 қазан күні ертеңгісін сағат бестер шамасында Исатай ауданы Зинеден ауылының көлік жолында орын алған. Аудандық полиция бөлімінің қызметкері жұмыстан тыс уақытта Audi A6 маркалы көлігімен жаяу жүргіншіні қағып, жол-көлік оқиғасы орнын тастап кеткен. ЖКО салдарынан 25 жасар жүргінші оқиға орнында көз жұмған», - деп хабарлады бейсенбіде Атырау облысы полиция департаментінен.
Облыстық полицияда атап өткендей, ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.
«Қамауға алу түрінде бұлтартпас шарасын тағайындау мәселесі қаралуда», - деді ПД-нен.

adimage