Атырау облысында полицияның «қарапайым емес» экс-бастығы Дүйсембаевтың орнына адам табылды

Күні: 17:52, 31-05-2019.

Алматы. 31 мамыр. ҚазТАГ – Атырау облысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айыбын ашқан полицияның «қарапайым емес» экс-бастығы Аян Дүйсембаевтың орнына адам табылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Атап айтсақ, Атырау облысы ПД бастығы ретінде департаменттің ресми сайтында жұма күні Қамза Үмбетқалиев көрсетілген, ол 30 мамырда осы сайтта өңірлік полиция бастығының м.а. деп көрсетілген еді.
Үмбетқалиев 2019 жылдан қазіргі таңға дейін Атырау облысы ПД бастығының бірінші орынбасары, ал оған дейін 2014-2016 жыл аралығында Атырау ІІБ бастығы болған. Оған дейін полицияның аудандық бөлімін басқарған.
Еске салсақ, 14 мамырда ІІМ-де хабарлағандай, Дүйсембаевқа ат «сыйлаған» видео тексеруге себеп болған еді.
Желіде тараған видеода жақында генерал-майор шеніне дейін жоғарылаған жоғары лауазымды полицейге атты оның туған ауылы Қызылқоға ауданында жергілікті бизнесмендердің бірі сыйлағаны айтылады.
Атап өтелік, бұл Дүйсембевтың қатысуымен орын алып отырған бірінші жанжал емес. 2018 жылдың жазында әлеуметтік желіде Дүйсембаевқа ұқсас адам түскен видео жарияланған еді. Ер адам құмар ойындарға арналған ғимаратта болған. Роликтегі жазбалар жағдайдың Беларусия астанасында орын алғанын, ал видеодағы адамның Атырау облысы ПД бастығы екені айтылған. Кейін ІІМ-де видеодағы адам шынымен де Дүйсембаев екенін, бірақ ол казинода ойнамаған, тек Беларусиядағы құмар ойын үйінде болғанын мәлімдеді.
15 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысы Полиция департаментінің (ПД) «қарапайым емес» бастығы Аян Дүйсембаевқа қатысты «қатал шара» қолдануға уәде етті.
17 мамырда хабарлағандай, қызметтік тексеру нәтижесінде ҚР ішкі істер министрлігі ҚР президенті әкімшілігіне А.С.Дүйсембаевты қызметінен босату туралы ұсынысты енгізу туралы шешім қабылдады, сонымен қатар облыстағы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы да қызметінен босатылды, бірқатар басқа да лауазымды тұлғалар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
. 20 мамрыда ІІМ-де Атырау облысындағы «қарапайым емес» полиция департаментінің бастығы Дүйсембаев қызметінен босатылды деп мәлімдеді.


Жаңалықтармен бөлісу: