Атырау облысында республикалық автожолдың 11 шақырымын орташа жөндеуге Т1,8 млрд жуық жұмсамақ

Астана. 18 қыркүйек. ҚазТАГ – Атырау облысында республикалық маңызы бар автожолдың 11 шақырымын орташа жөндеуге Т1,8 млрд жуық қаражат жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ; атауы - работы по среднему ремонту автомобильной дороги («автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары», қазақ тіліндегі хабарландыруда лоттың атауы орыс тілінде жазылған – ҚазТАГ); қосымша сипаттамасы - Атырау облысы Р-33 «Мұқыр-Құлсары» республикалық маңызы бар автомобиль жолын 31-42 шақырымына орташа жөндеу (ресайклирлеу); саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т1 796 470 624», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 18 қыркүйек пен 25 қыркүйек аралығында өтеді.

Фото көзі: Ашық дереккөз


adimage