Атырау облысында құрылыс мекемесінің жұмысшысы жүзден астам жол жиектерін ұрлаған деп күдіктелуде

Атырау. 12 тамыз. ҚазТАГ – Атырау облысында құрылыс мекемесінің жұмысшысы жүзден астам жол жиектерін ұрлаған деп күдіктелуде, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрлігінің Polisia.kz. ресми интернет-ресурсынан.
«Индер ауданының тәртіп сақшылары кент ішіне жол салып жатқан ЖШС-нің біріне тиесілі 126 дана жол жиектері – бордюрлердің қолды болғанын анықтады», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрхат Оразбаевтың айтуынша, шұғыл-іздестіру шаралары барысында аудандық бөлім қызметкерлері күдікті ретінде осы құрылыс мекемесінің 25 жасар жұмысшысын ұстаған.
«Белгілі болғандай, жас жігіт жол жиектерін бір жергілікті тұрғынға арзан бағаға – бар болғаны Т30 мыңға сатқан. Қазіргі таңда ҚР ҚК 188 бабы бойынша (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарда.

adimage