Атырау. 12 қараша. ҚазТАГ – Атырау облысында үш ауысымды оқуды жою үшін 9 мектеп салу керек, деп хабарлады Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.
«Бүгінгі таңда Атырау облысында 14 мектеп үш ауысымды тәртіппен оқып жатыр. Бұл негізінен қаладағы мектептер. Осы проблеманы шешу үшін біз 9 жаңа мектеп салуымыз керек. Олардың алтауының құрылысы жүріп жатыр, үшеуі бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде», - деді Н.Ноғаев дүйсенбідегі баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар өңір басшысы атап өткендей, Атырау облысындағы 5 мектептің жағдайы апаттық күйде.
«Облыста жаңа екі мектептің құрылысы жүріп жатыр, қалған екеуі бойынша құжаттары дайындалуда», - деп атап өтті Н.Ноғаев.
.
Атырау облысында үш ауысымды оқуды жою үшін 9 мектеп салу керек
