Атырау облысында суқұзғындар мен шағалалардың қырылу себебі анықталды

Атырау. 25 қараша. ҚазТАГ – Атырау облысында суқұзғындар мен шағалалардың қырылу себебі анықталды, деп хабарлады «Мой город» порталы.
«Нұр-Сұлтандағы Ұлттық референттік орталығының талдау қорытындысы бойынша белгілі болғаны, құстар пастереллезден қырылған», - деді сәрсенбі күні өңірдегі орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының орман және айрықша қорғалатын табиғи аймақтар бөлімінің басшысы Әсел Қалжанова.
Барлығы, оның айтуынша, 143 құс қырылған, оның көбі - суқұзғындар.
Бұған дейін Атырау облысы «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватында құстардың жаппай қырылғаны тіркелген еді.
Еске салсақ, 13 қыркүйекте ҚазТАГ ХАА Солтүстік Қазақстан облысы бірқатар елді-мекенінде үй құстарының қырылу дерегінің тіркелгенін хабарлаған еді. Қазақстан бұл жағдай туралы Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымына хабарлады. Ауыл шаруашылығы министрлігінде СҚО-дағы құстардың қырылуынан орын алған шығындарға өтемақы төлеуге уәде берді, сонымен қатар өңірге құс тұмауын жабайы ұшып келген құстар әкелуі мүмкін деген нұсқаларын да айтты.

adimage