Атырау облысында түрме бастығы пара алу күдігімен ұсталды

Атырау. 13 ақпан. ҚазТАГ – Атырау облысында түрме бастығы пара алу күдігімен ұсталды, деп хабарлады Қазақстанның ҰҚК баспасөз қызметінен.
«ҰҚК департаменті Атырау облысының прокуратурасымен бірлесіп, облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаменті УГ-157/11 түзеу мекемесінің бастығы мен бас бухгалтеріне қатысты ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі 1, 2, 4-тармақтары («Пара алу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Олар 2019 жыл үшін сыйлықақы мен көтермелеу төлемдерінің бір бөлігін бірнеше мәрте алу фактісі бойынша тергелуде. Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты ұсталғандарға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, «дәлелдеме базасын бекіту бойынша тергеу іс-шаралары жалғасуда».

adimage