Атырау облысында тұрмысы төмен отбасыларының 14 мыңнан астам балалары мектепке дайындықта көмек алады

Атырау. 6 тамыз. ҚазТАГ – Атырау облысында республикалық «Мектепке жол» акциясы барысында 14 мыңнан астам баланы қамту жоспарлануда, деп хабарлады облыстық білім басқармасынан.
«Жаңа оқу жылы 106 жасөспірім мектеп табалдығын аттайды. Олардың ішінде 14 041 бала тұрмысы төмен отбасылардан. Республикалық «Мектепке жол» акциясы барысында олар мектеп киімдері мен оқуға қажет жабдықтармен қамтамасыз етіледі», - деді басқармадан бейсенбі күні.
Білім басқармасының мәліметтерінше, акция мақсаты тұрмысы төмен мектеп оқушыларына көмек көрсету, сол арқылы әлеуметтік себептермен мектепке бармай қалуының алдын алу болып табылады.
«Аталған акция тек осымен ғана шектелмейді. 8 тамызға дейін барлық мектептерде оқулық барлығы тексеріледі, 18 тамызға дейін барлық оқушылар мектепке қажет оқулықтар және әдістемелік құралдармен жабдықталуы тиісті», - деді білім басқармасынан.
2014 жылы осындай акцияны жүргізу барысында тұрмысы төмен отбасылық 10,3 мың оқушыға көмек көрсетілді.

adimage