Атырау. 16 шілде. ҚазТАГ – Атырау облысында тапшы антибиотиктер мен медициналық маскаларды заңсыз сатудың үш дерегі тіркелді, деп хабарлады ҚР қаржы министрлігінің (ҚМ) қаржылай мониторинг комитетінің (ҚМК) баспасөз қызметінен.
«2020 жылғы 9-13 шілде аралығында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің (ЭТД) қызметкерлері дәрілік препараттар мен жеке қорғану құралдарын заңсыз сатудың 3 фактісінің жолын кесті», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Атап айтсақ, облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ЭТД қызметкерлері дәрілік заттарды жоғары бағамен және рұқсат құжаттарынсыз (лицензиясыз) сатудың 2 фактісін анықтады.
«Дәрі-дәрмектерді заңсыз сатуды Атырау қаласының екі тұрғыны жүзеге асырған. Олардан 400-ден астам бума, 50 флакон және ампула тапшы препараттар (парацетамол, дексаметазон, лидокаин, цефтриаксон, азитромицин, ацетилсалицил қышқылы, метронидазол) тәркіленіп алынды», - деді ҚМК.
Оған қоса, ЭТД қызметкерлері Полиция департаментімен бірлесіп, 1 мың медициналық масканы бақылаушылық сатып алу жолымен (бір данасын Т65-тен) екі азаматтың жеке қорғаныс құралдарын заңсыз сату дерегін анықтады. ҚМК ақпарынша, 137 500 медициналық маска тәркіленген.
«Айыпты тұлғалардың әрекеттерінде ҚР ӘҚБтК-нің 424-бабы («Заңсыз медициналық және (немесе) фармацевтикалық қызмет») және 426-бабында («Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу») көзделген әкімшілік құқықбұзушылық белгілері бар. Іс материалдары аталған тұлғаларды әкімшілік жауапқа тарту үшін өкілетті органға жолданды», - делінген хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08
-
Көкшетауда 113 тұрғын уақытша пункттерге эвакуацияланды29 Наурыз 2024, 15:51
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жаңбыр жауады29 Наурыз 2024, 15:00
-
Бектенов депутаттардың «Отбасы банкіне» қатысты сынына жауап берді29 Наурыз 2024, 14:51
-
Қазақстан Ұлттық банкі World Painting коллекциялық монеталарын айналымға шығарады29 Наурыз 2024, 13:53