Атырау облысында терроризмге қарсы күрес бойынша көлемді жұмыстар атқарылды, деп санайды әкім

Астана. 17 қазан. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Атырау облысында терроризм мен экстремизмге қарсы үлкен жұмыстар атқарылды, деп хабарлады өңір әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов.

«Біз былтардан (2013 – ҚазТАГ)бастап жоғары білімді, тәжірибелі теологтады тарттық. Былтыр 5 теолог шақырылды. Олар өте жемісті жұмыс жасады, соның ішінде тек облыс орталығында ғана емес, аудандық елді мекендерде де болды», - деді   Б. Ізмұхамбетов жұмадағы брифингте.  

Оның айтуынша, дәстүрлі емес діндердің теріс ықпалын түсіндіру бойынша жастар арасында үлкен жұмыстар жүргізілуде.

«Мен 2012 жылдың 12 тамызынан бастап Атырау облысының әкімі болып тағайындалдым, 2012 жылдың аяғына дейін бізде бірнеше келеңсіз жайттар болды. 2013 жылдан бастап ондай бірде-бір факті (теракт – ҚазТАГ) тіркелмеді», - деп еске салды ол.

Сонымен қатар, Б.Ізмұхамбетовтың айтуынша, өңірде имамдардың біліктілігін арттыру курстары өтіп жатыр.  

adimage