Атырау облысындағы «қарапайым емес» полиция бастығы Дүйсембаев қызметінен босатылды

Астана. 20 мамыр. ҚазТАГ - Атырау облысындағы «қарапайым емес» полиция департаментінің бастығы Дүйсембаев қызметінен босатылды, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметінен.
«Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің келісімімен қызметтік этиканы бұзғаны үшін А.С.Дуйсембаев Атырау облысы полиция департаментінің бастығы қызметінен босатылды», - деп хабарлады ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз дүйсенбіде.
Еске салсақ, 14 мамырда ІІМ-де хабарлағандай, Дүйсембаевқа ат «сыйлаған» видео тексеруге себеп болған.
Желіде тараған видеода жақында генерал-майор шеніне дейін жоғарылаған жоғары лауазымды полицейге атты оның туған ауылы Қызылқоға ауданында жергілікті бизнесмендердің бірі сыйлағаны айтылады.
Атап өтелік, бұл Дүйсембевтың қатысуымен орын алып отырған бірінші жанжал емес. 2018 жылдың жазында әлеуметтік желіде Дүйсембаевқа ұқсас адам түскен видео жарияланған еді. Ер адам құмар ойындарға арналған ғимаратта болған. Роликтегі жазбалар жағдайдың Беларусия астанасында орын алғанын, ал видеодағы адамның Атырау облысы ПД бастығы екені айтылған. Кейін ІІМ-де видеодағы адам шынымен де Дүйсембаев екенін, бірақ ол казинода ойнамаған, тек Беларусиядағы құмар ойын үйінде болғанын мәлімдеді.
15 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысы Полиция департаментінің (ПД) «қарапайым емес» бастығы Аян Дүйсембаевқа қатысты «қатал шара» қолдануға уәде етті.
17 мамырда хабарлағандай, қызметтік тексеру нәтижесінде ҚР ішкі істер министрлігі ҚР президенті әкімшілігіне А.С.Дүйсембаевты қызметінен босату туралы ұсынысты енгізу туралы шешім қабылдады, сонымен қатар облыстағы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы да қызметінен босатылды, бірқатар басқа да лауазымды тұлғалар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

adimage