Атырау облысындағы қатты желдің салдарынан мектеп ғимараты шатырсыз қалды

Астана. 19 сәуір. ҚазТАГ -  Атырау облысында күшті желге байланысты мектеп ғимараты шатырсыз қалды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
«18 сәуірде Атырау облысының Жылыой ауданындағы Тұрғызба ауылында секундына 21 метрге дейін жететін жел соғып, №4 орта мектеп аумағында бөлек тұрған екі қабатты ғимараттың 261 шаршы метр аумағындай шатыры жұлынып кетті», - деп хабарлады жұма күні ТЖД ресми өкіл Нұрлан Нахахметов.
Ол құрбан болғандар мен зардап шеккен жоқ деп нақтылады.

adimage