Атырау облысындағы Құлсары кен орнында оқу-өндірістік полигон құрылады

Атырау. 10 шілде. ҚазТАГ  Атырау облысындағы Құлсары кен орнында оқу-өндірістік полигон құрылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«Бұл эксперименттік бағыт. Шешім ең жоғары деңгейде қабылданды. Бұл мәселелер үкімет деңгейінде талқыланды. (...) «Ембімұнайгаз» АҚ мен Атырау мұнай және газ институты оқу-өндірістік полигонын іске қосу жобасын пысықтап жатыр. Полигон Жылыой ауданындағы Құлсары аздебетті кен орнының базасында құрылатын болады», - деді Атырау мұнай және газ институтының ректоры Әли Әбішев жұма күні.
Оның айтуынша, білім бағдарламасы 1 қыркүйектен бастап пилоттық режімде жүзеге асырылады. Осы ретте ол бүгінде 3 пен 4 курстардан 40 студенттің іріктеліп, 20 адамнан қос топ болып вахталық әдіспен кен орындарында жүргенін атап өтті.
«Бір топ оқып, теориялық білім алып жатқанда, басқасы өздерінің қолданбалы сипаттағы білімдерін өндірісте қолдануға, өндірістік тәжірибе, еңбек өтілін табуға бірегей мүмкіндік алатын болады. Студенттер іріктелді, оқу бағдарламасы іріктелді, оқу жоспары, оқу процесінің кестесі бекітілді», - деп атап өтті Ә. Әбішев.
Сондай-ақ ол бүгінгі таңда студенттер эксперимент тәртібінде дуальды оқуы іске асыра алуы үшін, ұйымдастырушылық-техникалық, өндірістік мәселелер істеліп бітіп жатқанын баса айтты.
Ә. Әбішевтің айтуынша, мұндай жоба тек Қазақстанда емес, бүкіл әлемде алғаш рет жүзеге асырылуда.

adimage