Атырау облысындағы ЖКО-дан бір адам көз жұмып, екеуі зардап шекті

Атырау. 18 сәуір. ҚазТАГ – Атырау облысындағы ЖКО-дан бір адам көз жұмып, екеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«18 сәуірде үш көлік соқтығысты - Toyota Sienna, борты бар «ГАЗель» және қызметтік Daewoo автобуы. ЖКО орнында бір адам көз жұмып, екеуі зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады Атырау облысы ПД-нен.
Хабарда атап өтілгендей, Қр ҚК 345 б. 3б. (автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуының абайсызда адам өлміне әкеп соғуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

adimage