Атырау облысында ЖКО салдарынан 2 адам мерт болды

Күні: 18:54, 28-09-2018.

Алматы. 28 қыркүйек. ҚазТАГ – Атырау облысында ЖКО салдарынан 2 адам мерт болды, деп хабарлады «Мой город» порталынан.
«ЖКО Жылыой ауданы Құлсары қаласында орын алған. «КамАЗ»-дың Lada Priora маркалы көлікпен соқтығысуы салдарынан оқиға орнында екі жігіт мерт болды – 21 жасар жеңіл көлік жүргізушісі мен 22 жасар жолаушы», - делінген жұмадағы хабарда.  
Атырау облысы ІІД баспасөз қызметінің ақпарынша, аталмыш дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның басқа деректері нақтыланбауда.


Жаңалықтармен бөлісу: