Атырау облысының 13 мыңнан астам бірінші сынып оқушылары 1 қыркүйекте «Менің Отаным – Қазақстан» атты кітап алады

Атырау. 6 тамыз. ҚазТАГ – Атырау облысының 13 мыңнан астам бірінші сынып оқушылары 1 қыркүйекте – Білім күні -  «Менің Отаным – Қазақстан» атты кітап алады, деп мәлім етті облыстық білім басқармасының бастық орынбасары Шәкіржан Мырзағалиев.
«Биыл ҚР білім және ғылым министрлігінің бастамасымен Білім күні – 1 қыркүйекте - Атырау облысының 13 мыңнан астам бірінші сынып оқушылары «Менің Отаным – Қазақстан» атты кітап алады», - деді Ш. Мырзағалиев.
Оның айтуынша, бұл отансүйгіштік іс, оқушыларға бірінші күннен бастап осындай сыйлық алу қуанышты болмақ.
«Одан басқа, 18-ші тамыз бен 30 тамыз аралығында «Сыйға кітап» атты акция өтеді. Қалауы бар кез келген адам мектеп кітапханасына келіп, оқулықтар тапсыра алады. Ол кітапхана қорын толтыруға мүмкіндік береді. Ол оқу құралдары да, энциклопедия, көркем әдебиет те болуы мүмкін», - деді Ш. Мырзағалиев.

adimage