Атырау облысының 150-ден астам мектебінде мектеп инспекторлары бар

Атырау. 20 қыркүйек. ҚазТАГ – Атырау облысында ағымдағы жылы мектеп инспекторларының штаты шамамен 100 бірлікке көбейді, деп хабарлады облыстың білім басқармасының басшысы Алмагүл Қаирлиева.  

«2015 жылы мектеп инспекторларының штаты 93 бірлікке көбейді, сөйтіп қазір олар облыстың 154 мектебінде жұмыс жасап жатыр. Олар үшін жекелеген кабинеттер мен оргтехника қарастырылған. Оқу орындарында мектеп инспекторларының көмекшілер жасағы құрылған», - деді А.Қаирлиева.  

Ол маусымда олар арасында «Тәртіп сақшысы» облыстық конкурс өткенін еске салды. Конкурс нәтижесі бойынша Жылыой ауданының №3 орта мектебінің жасағы жеңімпаз болған.  

Оның айтуынша, жасақ мүшелері тәуекел тобындағы балалар мен сәтсіз отбасы оқушылары арасында  құқықбұзушылықтың алдын алу шараларына қатысады. Мектептерде арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталған кабинетте өмірдің қиын жағдайына тап болған балалармен психологтар жұмыс жасайды.  

«Сондай-ақ оқу орындарына бейнебақылау жүйесі енгізілуде. Бүгінде облыстағы 193 мектептің 36-сында бейнекамералар орнатылған.

Еске салсақ, 20 қыркүйекте республикалық «Қауіпсіз мектеп» акциясы аяқталды. Оның мақсаты білім беру мекемелеріндегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, оқу орындарындағы қауіпсіздік шараларын жетілдіру», - деп атап өтті А. Қаирлиева.

Республикалық «Қауіпсіз мектеп» акциясы 20 тамыз бен 20 қыркүйек аралығында өтті.  

adimage