Атырау облысының бұрынғы әкім орынбасары Әбдіров 12 жылға сотталды

Атырау. 14 қараша. ҚазТАГ – Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиевтің ҰҚТ ісі бойынша айыпталып отырған облыстың бұрынғы әкім орынбасары Асқар Әбдіров 12 жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Әбдіров жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтіндей етіп, 12 жылға сотталды», - деп хабарлады агенттік тілшісі жұма күні.  
Еске салсақ, Атырауда Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев басқарған ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ) туралы іс бойынша сот процессі басталды. Қылмыстық іс ашық өтуде. Сот орыс тілінде өтуде. Сот процессін Атырау облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот төрағасы Гүлмира Дәулетова жүргізуде. Оған көмекші судья ретінде Жұмағали Тәшімов тағайындалған.
Бұрын хабарланғандай, сот залында 22 адам сотқа тартылып отыр. Олардың арасында Атырау облысы әкімінің орынбасары Болат Дәукенов пен Асқар Әбдіров, Атыраудың экс-әкімі Асқар Керімов пен басқалар бар.
Сотталушыларға ҚР ҚК 235 б. (бір немесе бірнеше қылмысты жасау мақсатында ұйымдасқан топты құру және басқару, оған қатысу), ҚР ҚК 176 б. (сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иемдену және жұмсау), ҚР ҚК 192 б. (жалған кәсіпкерлік), ҚР ҚК 193 б. ( ақшалай қаражатты немесе қылмыстық жолмен алынған өзгенің мүлкін заңдастыру), ҚР ҚК 307 б. (қызметтік құзыретін асыра пайдаланушылық), ҚР ҚК 314 б. (қызметтік жалғандық) бойынша айыптаулар тағылып отыр.
Қылмыстық іске тартылық отырғандарға мемлекеттік айыптаушы 8-ден 18 жылға дейінгі жаза сұрап отыр.

adimage