Атырау облысының бас салықшысы пара алудың екі эпизоды бойынша күдіктелуде

Атырау. 29 қаңтар. ҚазТАГ – Атырау облысының бас салықшысы пара алудың екі эпизоды бойынша күдіктелуде, деп хабарлады сыбайлас жемқорлық агенттігінің баспасөз қызметінен.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік тағылған Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол жүйелі түрде пара алды деп күдіктелуде, бірінші жағдайда – өзіне бағынышты тұлғадан оны қызметте көтермелеу және жалпы қамқоршылығы үшін талап етілетін 10 мың АҚШ долларынан 3 мың АҚШ долларын, екінші жағдайда – жеке кәсіпкерден оның кәсібін салықтық тексеріссіз жабуға жәрдемдескені үшін 490 мың теңге пара алған», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Еске салсақ, 2019 жылдың 19 желтоқсанында Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысына қатысты облыстағы жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысынан қызмет бабында алға жылжуы және жалпы қамқорлығы үшін 10 мың АҚШ долларын талап етіп, оның 3 мың долларын алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған еді.

adimage