Атырау. 7 қазан. Қазтаг – Атырау облысының білім беру саласына бірқатар жаңалықтар енгізілді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«2014-2015 оқу жылында Құрманғазы ауданы Абай ат. орта мектепке инновациялық оқыту бағдарламасын енгізу мақсатында «бағалаудың критерийлік жүйесі» технологиясы, Қ.Сәтпаев ат. орта мектепте «оқытудың кредиттік технологиясы» бағдарламасы мақұлданды», - деді Атырау облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Злиха Дүйсекенова.
Облыс бойынша Назарбаев зияткерлік мектептері тәжірибесін тарату мақсатында Ж.қаражігітов ат. №16 мектеп-лийец, Атырау қаласындағы №31 мектеп-гимназия іріктеліп алынды, ал оларға 20 магнитті мектептер бекітілген. Тәжірибені тарату үш бағыт бойынша жүзеге асырылуда: ұжым-ата-ана-оқушы.
«Мұғалімдердің шығармашылық қызығушылықтарын жүзеге асыру, олардың инновациялық идеяларын қолдау, озық педагогикалық тәжірибелерді облыс көлемінде насихаттау және тарату мақсатында «Әдістемелік вернисаж», «Үздік филолог», «Үздік эксепримент жүргізуші», «Үздік авторлық бағдарлама», «Алтын диск», «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз», «Үздік психолог», «Үздік ұйымдастырушы», «Жыл мұғалімі», «Үздік тарихшы», «Үздік сабақ» кәсіби конкурстар өткізіліп тұрады», - деп атап өтті З.Дүйсекенова.
Кембрижж мектебінің ғылыми жобалар конкурсының республиалық кезеңінде облыстың 2 оқушысы екінші орын, 15 оқушы 3 орын алып, нәтижесінде Атырау облысы жалпы командалық есепте екінші орын иеленді.
«Зерде» конкурсының республикалық кезеңіне қатысқан 10 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болды, сөйтіп Атырау облысы жалпы командалық есепте бірінші орын, сондай-ақ республикалық олимпиадада да 20 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, мұнда да Атырау облысы жалпы командалық есепте бірінші орында болды. Сондай-ақ былтыр да 43 оқушы халықаралық олимпиадаларда, ғылыми жобалар конкурсында жүлделі орындар иеленген болатын», - деп түсіндірді З.Дүйсекенова.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстандағы АҚШ елшісі: Мен революция елшісі емеспін
10 Ақпан 2021, 14:41 -
АҚШ елшісі: Біз адам саудасына қарсы күресте Қазақстанды қолдаймыз
30 Шiлде 2020, 08:42