Атырау облысының әкімі білім беру мәселесін профессор Баймұхановпен талқылады

Aтырау.13 қазан. ҚазТАГ – Атырау облысының әкімі Бақытқожа Ізмұхамбетов білім беру мәселесін профессор Бүркіт Баймұхановпен талқылады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Профессор, педагогика ғылымдарының докторы, қазақстандық математик-әдістемешілер мектебінің негізін қалаушы  Бүркіт Баймұхановтың 85 жасқа толған мерейтойының қарсаңында Атырау облысының әкімі Бақытқожа Ізмұхамбетов онымен кездесіп білім беру мәселелерін талқылады», - деп хабарлады Атырау облысының әкімшілігінен.
Аймақ басшысы Б. Баймұхамовты мерейтойымен құттықтап, оның еліміздің білім саласына қосқан үлесі үшін оған алғысын білдірді.
«Бүркіт Баймұханов 50 жылдан астам уақыт мұғалімдік қызметпен айналысады. 1992 жылы елімізде тұңғыш рет математиканы оқыту бойынша диссертация қорғады, 1997 жылы профессор атанды. Оның басшылығымен 40 ғылым кандидаты, 5 ғылым докторы өздерінің диссертацияларын табыспен қорғады», - деді әкімшіліктен.
Б.Баймуханов 150-ден астам ғылыми жұмыстар мен мақалалардың авторы. Оның ішінде «Қазақ тілді мектептерде математиканы оқыту тұжырымдамасы»,  «Математиканы оқыту әдістемесі», «9-10 сыныптарда алгебраны оқыту», «9-10 сыныптарда геометрияны оқыту», «Математикалық есептерді шығару» және т.б. бар.

adimage