Атырау облысының әкімі биыл оқушылардың барлығына да оқулықтар жетті деп мәлімдеді
Астана. 17 қазан. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Атырау облысында оқулықтар тапшылығы жоқ, деп мәлім етті облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов.
«Апаттық жағдай жоқ. Біз биыл барлық оқулықтарды 100% сатып алдық. Барлық мектеп кітапханаларына қажет оқулықтар сатып алынды, бірақ бақуатты адамдар ол оқулықтарды қайтадан өткізіп жатпас үшін, өздері сатып алды», - деді Б. Ізмұхамбетов жұма күнгі брифингте.
«Бізде бүгінге оқулықтар тапшылығы жоқ», - деді ол.
Бұрындары хабарланғандай, Қазақстанда бір отбасы оқушыларына оқулықтар сатып алуға Т25 мың жаратады екен.