Атырау облысының өндірушілері 52 тонна балық сатпақшы

Күні: 17:24, 17-10-2014.

Астана. 17 қазан. ҚазТАГ - Астана қаласы әкімдігі алдындағы алаңда Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтеді, делінген елорда әкімдігінің ресми сайтындағы хабарда.  
«Жәрмеңкеде Атырау облысынан жалпы 130 тонна өнім сатуға шығарылады. Астаналықтарға 52 тонна балық, 50 тонна көкөніс, 20,5 тонна ет және 3 тонна сүт өнімдері, 10 800 дана жұмыртқа ұсынылады.   Ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде өнімдер базардағы бағадан 10-20% арзан сатылады», - делінген жұмада елорда әкімдігіндегі хабарда.  
Сонымен қатар   Батыс Қазақстан облысынан әкелінген 550 тонна өнім сатылады, оның ішінде 14,7 тонна ет және ет өнімдері, 0,5 тонна сүт өнімдері, 490 тонна картоп пен көкөніс, 2 тонна кондитерлік өнімдер, 4 тонна консерві, 5 тонна ұн, 3 тонна шұжық өнімдері, 1 тонна өсімдік майы, 8 тонна балық өнімдері (сазан, ақтабан, ақбалық), 1 тонна бал, 21 тонна басқа өнімдер.
Астанада өңірлердің қатысуымен өткізілетін ауыл шаруашылық жәрмеңкелері 20 қыркүйекте басталған.
«Алдағы 2 аптада жәрмеңкелер маусымы  аяқталады. Елордада өзге өңірлерден әкелінген өнімдердің жәрмеңкелерін ұйымдастыру дәстүрге айналып, бес жылдан бері өткізіліп келеді. Ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде өнімдер базардағыдан арзан бағамен сатылады», - деп көрсетілген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: