Атырау облысының педагогтарының тамыз айындағы конференциясында ҰБТ баллының төмендігі сөз болды

Атырау. 21 тамыз. ҚазТАГ – Атырау облысының педагогтарының тамыз айындағы конференциясында ұлттық біртұтас тестілеу (ҰБТ) баллының төмендігі сөз болды, деп жазады облыстық «Ақ жайық» газеті.
«Атырау облысының түлектері 2014-2015 жылғы ҰБТ тапсырғанда алған орташа баллы – 61, бұл республика бойынша ең төменгі көрсеткіш», - деп жазады басылым жұма күні облыстық білім басқармасының бастығы м.а. Шәкіржан Мырзағалиевке сілтемелеп.
Сондай-ақ мақалада 505 түлек әр түрлі пәннен «өте нашар» баға алғаны айтылады, ең көп «өте нашар» баға – математика мен орыс тілінен.
Қорытындысында түлектердің тек 6%-ы ғана мемлекеттік білім гранттарын ала алды.
«Педагогтар конференциясында сөйлеген сөзінде облыс әкімі Бақытқожа Ізмұхамбетов әсіресе Индер, Мақат, Қызылқоға және Жылыой аудандарының балалары аз грант алғанына ерекше назар аударды», - деп жазады «Ақ жайық».  
Кеңесте талқыға түскен тағы бір мәселе – мектепке дейінгі балалар мекемесін орындармен қамтамасыз ету.  
«Былтыр жаңадан 2900 орын ашылған (мемлекеттік және жеке меншік балабақшаларда, мектеп жанындағы шағын орталықтарда, мектепке дейінгі дайындық орталықтарында), биылғы жыл басынан бері – тағы 1026 орын ашылды. Жыл соңына дейін 4 балабақша құрылысын аяқтап тағы біреуін бастамақшы. Сонымен қатар былтыр 7 жеке меншік балабақша жұмысын бастаса, биыл – тағы 12 балабақша жұмысын бастады», - делінген мақалада.

adimage