Атырау. 28 мамыр. ҚазТАГ - Атырау перзентханасында жас босанған келіншек көз жұмды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Атыраудағы перзентханада жас босанған келіншек көз жұмды. Ондай дерек тіркелді. Баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген еді. Дәрігерлер әйелге кесір тілігін жасап, баланы алды, барлығы сәтті өтті. Бірақ бірнеше сағат өткенде әйелдің жағдайы нашарлап кетті. Оның қайтыс болу себебі тексеруден кейін белгілі болады», - деп хабарлады дүйсенбіде Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасынан.
Облыстық перинаталдық орталық қызметкерлерінің ақпарынша, жаңа туылған сәби дін аман.
Денсаулық сақтау басқармасында атап өткендей, соңғы жылдары кесір тілігі арқылы босанатындар саны артқан. Егер 2016 жылы осындай тәсілмен 1500 сәби дүниеге келсе, 2017 жылы – 1603, 2018 жылы 1641 бала дүниеге келген.
Атырау перзентханасында жас босанған келіншек көз жұмды
