Атырау тұрғыны әйелінің туыстарының пәтерінде жасырын камера орнатқан

    Атырау. 19 қазан. ҚазТАГ - Атырау тұрғыны әйелінің туыстарының пәтеріне жасырын камера орнатқан, деп хабарлайды "Мой город".
    "17 қазанда 36 жастағы қала тұрғыны тәртіп сақшыларына жүгінді. Оның ваннасында белгісіз біреу жасырын камераны орнатқан. Күдікті әйелдің күйеу баласы болып шықты. Ол ауданнан қалаға қарындасына жиі келіп тұратын әйелін қызғанып, арыз иесінің ванна бөлмесіне жасырын камера орнатыпты. Сондай-ақ, ол камераны қалта зарядтау құрылғысына жалғаған", - деп хабарлады Атырау полиция департаментінің баспасөз қызметі.
    Ер адам өз кінәсін мойындады. Оған қатысты жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзғаны үшін бап бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


adimage