Атырау әуежайын шетелдік компания басқаратын болды
Үкімет Атырау әуежайының акцияларын жаңа иесі – Қатар компаниясына беруді мақұлдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атырау әуежайының акциялары қатарлық Qatar Investments LLC компаниясының пайдасына беріледі.
«Mağdenli Yer Hizmetleri ve Taşıma A.Ş.» компаниясына «АТМА - Атырау әуежайы және тасымалдау» акционерлік қоғамының өз меншігіндегі акциялар пакетінің 50 %-ын, сондай-ақ «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының өз меншігіндегі акциялар пакетінің 50 %-ын «QazAir Investments LLC» компаниясының пайдасына иеліктен шығару жөнінде мәміле жасасуына рұқсат етілсін», - делінген құжатта.
«Астанада жүк көлігі LRT бағанына соғылып, 3 адам зардап шекті»
Астанада арнайы техника тиелген жүк көлігі LRT бағанына соғылып, үш жаяу жүргінші зардап шеккен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жол апаты Қабанбай батыр мен Ұлы дала көшелерінің қиылысында орын алған.
Астана қаласының полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші биіктікті дұрыс есептемей бағанға соғылған. Салдарынан жол жиегінде келе жатқан үш жаяу жүргінші зардап шеккен.
Қазір оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр.
Рейстер кешігуі мүмкін: Астанада жауған бұршақ төрт ұшақты зақымдады
Air Astana әуекомпаниясы рейстердің кешігуі мүмкін екендігі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Air Astana рейстердің кешігу себебі Астанада 8 тамызда болған дауыл мен бұршақтың салдарынан болуы мүмкін дейді. Қазіргі уақытта әуе компания бұршақтың салдарынан төрт ұшақтың зақымдалғанын анықтады.
«Жолаушыларымыздан әуежайға жол тартпас бұрын рейс статусын әуекомпания сайтында тексерулерін сұраймыз», – делінген хабарламада.
«FlyArystan 12 жасар қызды бортқа мінгізбей, әуежайда тастап кеткен»
Қазақстандағы ірі әуе тасымалдаушы компания FlyArystan ұшағы 12 жастағы қыз баланы бортқа кіргізбей, елорда әуежайында тастап кеткен, деп хабарлайды El.kz.
Жасөспірімнің анасы Жазира Мусинаның айтуынша, 2024 жылдың 20 шілдесінде егіз қыздары АҚШ-тан үйіне оралуы керек болған. Алайда, Астанадан Оралға ұшатын Flyarystan белгісіз себептерсіз, екінші қызын бортқа мінгізбей, қалдырып кеткен.
«Ұшақ қызметкерлері Зәурені тіркеп, Зерені тіркемей қойған. Олар техникалық ақауларды жөндеген соң баланы бортқа өздері отырғызатынын айтып, топтың жетекшісін сендірген. Менің балаларымның бүкіл құжаты дұрыс. Сонда FlyArystan қызметкерлері ұшақта орын жоқ болғаны үшін баламды кіргізбей қойған ба? Ұшақ Оралға ұшып кеткен, ал менің қызым Зере Астана әуежайында қараусыз қалып қалған», - дейді ол.
12 жасар Зере 3 сағат бойы FlyArystan тіркеуінің жанында жылап тұрған. Бала келесі күні басқа рейспен үлкен кісінің қарауынсыз ұшып келген.
Фото көзі: FlyArystan