Атырау және Маңғыстау облыстарына 160 дәрігер жіберу уәде етілді

Астана. 13 шілде. ҚазТАГ - Атырау және Маңғыстау облыстарына 160 дәрігер жіберу уәде етілді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Атырау облысының кадрлық қарымын нығайту үшін өңірге 102 жоғары білікті маман, ал Маңғыстау облысына 56 маман жіберілетін болады», - делінген дүйсенбідегі ведомствоаралық комиссия отырысының қорытындысында.
Еске салсақ, 10 шілдеде үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың өңірдегі коронавирус жағдайы туралы баяндамасынан кейін оған сөгіс беріп, соңғы рет ескерту жасаған еді. 12 шілдеге қараған түні мемлекет басшысы қоғам өкілдерінің Атырау облысындағы жағдай туралы ақпарымен танысқанын мәлімдеді. Ол жерде премьер-министрдің орынбасары бастаған комиссия болып қайтты. Тоқаевтың айтуынша, үкімет өңірге дәрігерлерді жіберіп жатыр, дәрілермен де көмек көретілетін болады.

adimage