Атырау жасөспірімдері жазғы демалыста айына Т48 мың табыс таба алады

Атырау. 23 мамыр. ҚазТАГ - Атырау жасөспірімдері жазғы демалыста айына Т48 мың табыс таба алады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Жасыл қала – жасыл ел!» жобасы жазғы демалыста табыс тапқысы келетін жастар үшін жұмыстар ұсынады. Жұмыстар 3 маусымда басталады. Студенттер мен жоғары класс оқушылары үшін бұл табыс табудың жақсы мүмкіндігі. Барлық ұстап қалатындарды алып тастағанда бір айға төленетін еңбекақыТ48 мыңды құрайды», - деді «Жасыл ел» еңбек жасағының басшысы Абылай Құрметұлы.
Оның айтуынша, биыл бұл жобаға 16-29 жас аралығындағы 2,2 мың жасты тарту жоспарлануда, оның 1,5 мыңы – аудандарда.
«Олар елді мекендерді абаттандыруға, көгалдандыруға, көшеттерге күтім жасауға, құрылысқа және басқа да салаларға жұмылдырылады. Жұмысқа тұру үшін тек жеке куәлігінің көшірмесі мен егер 18 жасқа толмаған болса ата-анасының жазбаша келісімі керек», - деді Құрметұлы.

adimage