Атырау. 28 қазан. ҚазТАГ - Атырауда 5 елдің мұнайгаз саласының кәсіподақ ұйымдары өзара әрекеттестік жолдарын талқылауда, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
«Отырыс жұмысына Ресейдің, Қазақстанның, Норвегияның, Ұлыбританияның, Түркияның кәсіподақ көшбасшылары қатысуда. Отырыс бүкіл әлем бойынша кеншілердің, энергетиктердің, мұнайшылардың басын қосатын IndustriALL жаһандық одағының қамқорлығымен өтуде, Біз Каспий қайраңын әзірлеуге, мұнай тасымалдауға қатысатын барлық кәсіподақ ұйымдарының өзара әрекеттестік проблемасын талқылайтын боламыз», - деді сейсенбіде «Қазмұнайгазкәсіподағы» төрағасының орынбасары Елена Мұстафина.
Оның айтуынша, экономиканың жаһандануы мен дағдарысқа ұшырауы жағдайында кәсіподақ ұйымдарының алдында бірқатар қауіптер тұр.
«Бұл дегеніңіз еңбегіңе түратындай жалақы үшін күрес, жұмысқа тұру үшін күрес, гендерлік теңдік үшін күрес, мұның барлығы біздің мұнайгаз саласындағы өзекті мәселерге айналып отыр», - деді Е. Мустафина.
«Тек біздің облыста ғана, мен Қазақстан туралы айтып отырған жоқпын, шетелдік капиталы бар 55 ірі кәсіпорын жұмыс жасап жатыр. Және шетелдік инвестиция қатысқаннан кейін жұмыс күрделене түседі. Ол жерде кәсіподақ қызметіне кедергілер жасалады, кәсіподақ пен жұмысшылардың құқықтарының бұзылуы орын алады, сондықтан біз әріптестерімізбен осындай мәселелерді қалай шешетіндері жайында тәжірибе алмасамыз. Нәтижесінде оны өзімізде қолданамыз», - деп атап өтті Е. Мустафина.
Қатысты сілтемелер
-
Қаңтар оқиғасы кезінде азаптау ісі бойынша ҰҚК 11 қызметкеріне қатысты үкім шықты8 Желтоқсан 2023, 18:50
-
Вадим Басин QARMET бас директоры болып тағайындалды8 Желтоқсан 2023, 18:30
-
Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың бір жолғы төлемдерін Т250 мыңға көбейту ұсынылды8 Желтоқсан 2023, 18:19
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т2,1-ге өсіп, Т457,71 /$1 болды8 Желтоқсан 2023, 18:11