Атырау. 12 ақпан. ҚазТАГ - Атырауда қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнату жоспарлануда, деп хабарлады Атырау облысы өңірлік коммуникациялық қызметтен.
«Абай – ұлы тұлға, қазақ ұлтының мақтанышы. Абайдың өлеңдері, қара сөздері – халқымыздың баға жетпес рухани құндылығы. Оның шығармашылық мұрасы, өсиеттері бүгінгі және өскелең ұрпақтың рухани дамуындағы бағдар болып табылады. Мерейтой құрметіне орай біздің қалада ұлы Абайға ескерткіш орнату туралы шешім қабылданды. Біздің ең үлкен күшіміз – адамдарға деген қайырымдылық пен қамқорлығымызда. Еліміз гүлдене берсін», - деді Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған Атыраудағы салтанатты шара кезінде.
Еске салсақ, қазақстандықтар 2020 жылы мемлекеттік деңгейде ұлы қазақ ақыны, философ және ағартушы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жылдығын атап өтуге дайындалуда.
Қатысты сілтемелер
-
Экс-министр Асхат Оралов президент әкімшілігінің меминспекторы болды28 Наурыз 2024, 16:03
-
Си Цзиньпин Қазақстанға шілдеде келеді деп күтілуде28 Наурыз 2024, 15:58
-
Тоқаев Қытайда БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті28 Наурыз 2024, 14:34
-
Ешкім көмексіз қалмайды – Бектенов28 Наурыз 2024, 14:26