Атырауда қала маңы ауыл округтарының әкімшіліктері Т50 млн-ға арнайы техника алды

Атырау. 11 желтоқсан. ҚазТАГ – Атырауда қала маңы ауыл округтарының әкімшіліктері Т50 млн-ға арнайы техника алды, деп мәлім етті қала әкімінің орынбасары Амантай Айтбаев.
«Бүгін біз Атырау қала маңы ауыл округтары мен облыс орталығын қоқыстан тазартатын «Арнайы автобаза» мамандандырылған кәсіпорнына арнайы техниканы бердік, «Беларусь» маркалы 7 трактор және бір өзі төгетін КамАЗ автокөлікті. Қала бюджетінен оған 50 млн теңге бөлінді», - деді бейсенбі күні А Айтбаев.
Оның айтуынша арнайы техника Беларусь пен Ресейден сатып алынған.
«Аталған арнайы техниканы аул округтарының әкімшіліктері өздерінің аумақтарын санитарлық тазалау үшін пайдаланады. Келесі жыл бюджетіне осындай техника сатып алуға қаражат қарастырылған», - деді А. Айтбаев.

adimage