Атырауда қарттар үйіндегі әйелдің пышақ жарақатын алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Күні: 18:49, 08-04-2019.

Атырау. 8 сәуір. ҚазТАГ - Атырауда қарттар үйіндегі әйелдің пышақ жарақатын алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Күдікті ұсталды, ҚР ҚК 106 б. 1б. бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес басқа ақпар жария етуге жатпайды», - деп хабарлады дүйсенбіде Атырау облысы полиция департаментінен (ПД).
Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасында пышақ жарақатын алған әйелдің облыстық аурухананың жан сақтау бөлімшесіне жеткізілгенін айтты.
«Оған ота жасалды. Қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты ауыр», - деді басқармадан.
Куәгерлердің айтуынша, пышақтасу 6 сәуірде Атыраудағы қарттар үйінде орын алған.
«Күйеуі пышағымен әйеліне тұра ұмтылған», - деді куәгерлер.


Жаңалықтармен бөлісу: