Атырауда ата-аналар мекеп оқушыларының сабаққа қатысуын sms-хабар арқылы бақылап отыра алады

Алматы. 10 қыркүйек. ҚазТАГ -  Атырауда оқушылардың ата-аналары балаларының сабаққа қатысуын sms арқылы бақылап отыра алады, деп жазады «Ақ жайық» газеті.
«№30 мектепте кешенді «Ақылды мектеп» жүесін енгізіледі. Ол жүйе оқушы мектепке келгенде және шыққанда, оның сабақ үлгерімі мен тәртібі туралы ата-аналарына sms-хабар жіберіп тұрады. Бір айдың ішінде пилоттық жобамен бірінші аусымның бес сыныбы мен екінші аусымның бес сыныбы  қамтылатын болады», - делінген хабарда.  
Бұл ретте әр оқушыда электрондық жеке карточкасы болады.
«Әр оқушыға оның суреті мен жеке мәліметтері көрсетілген жеке электрондық карточка беріледі. Кіре берісте орнатылған турникеттер чиптерден ақпараттарды оқып автоматты түрде ата-аналарға хабар беріп тұрады. Мысалы, таңертең бала мектепке кіргенде sms-хабар ата-аналарға келеді, түсте сабақтан бала шыққанда тағы sms-хабар келеді», - деп мәлім етті «Иннотек Астана» ЖШС директоры Әмір Әміров.
Оның айтуынша, келешекте ата-аналар балаларының тамақтанғаны және сабақ үлгерімі туралы хабар алып отыратын болады.
«Бірінші модуль – мектепке келгені-кеткені туралы, екінші модуль – асханада нақты ақшасыз есеп айырысу, үшінші модуль – электрондық журнал. Бағалар біздің веб-сайтымызда көрсетіліп тұрады, әр ата-анада өздерінің логині мен паролі болады, және олар осы сайтқа кіріп балаларының бағаларын көріп, қалай тамақтанғаны туралы мәліметтер ала алады», - деді Ә. Әміржан.
Хабарда айтылғандай, кешенді жүйлер қалалық тағы үш мектепке - №17, №16 және АТГ-ға (арнайы техникалық гимназия) орнатылмақшы.

adimage