Атырауда бес мектеп пен бір балабақшада күрделі жөндеу жүргізілді

Атырау. 7 тамыз. ҚазТАГ  Атырауда бесмектеп пен бір балабақшада күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр, деп жазады «Ақ Жайық» газеті.  
«Атырау ауылдық округінің Оңғарсынова мен Жамбыл атындағы екі мектебінде, Қарашахты ауылдық округінің Смағұлов атындағы орта мектебінде, Еркінқала мектебі мен Чехов ат. №14 мектепте күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр», - делінген жұма күнгі басылымның интернет-порталында орналасқан ақпарда.  
Сонымен қатар 9 мектепте жапсарлас құрылыс салынуда, оларда асханалар орналасатын болады.  
Хабарда сондай-ақ, 5 тамыз күні Атырау әкімі Нұрлыбек Ожаев бастаған комиссияның жұмыстар жүріп жатқан нысандарды аралағаны айтылған. Қала басшысы кейбір мәселелерге көңілі толмай, мердігерлерге дұрыс жұмыс жасауды тапсырды.  
«Егер уақытылы аяқтамайтын болсаңыздар, жосықсыз мердігер тізіміне ілігесіздер», - деп ескертті құрылысшыларды Н. Ожаев.
Басылым ақпарынша, Атыраудағы 56 мектептің 10-на күрделі жөндеу жұмыстары керек.   №№15, 12, 23, 25 және 26 мектептердің жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама әзірленген.  

adimage