Атырауда бейіт басынан әйел адамның мәйіті табылды

Күні: 15:22, 28-01-2019.

Атырау. 28 қаңтар. ҚазТАГ – Атырау қаласы «Жұлдыз» ықшамауданындағы бейіт басынан кеуде тұсында түйрелген-тілінген жарақаты бар әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«26 қаңтарда Жұлдыз ықшамауданында ұлты азият әйел адамның мәйіті табылды. Марқұмның жасы шамамен 25-30 жас. (…) ҚР ҚК 99 бабы бойынша («Адам өлімі») сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.


Жаңалықтармен бөлісу: