Атырауда «Білімді және белсенді жастар – мәңгі елдің келешегі» атты форум өтті

Атырау. 21 қазан. ҚазТАГ – Атырауда өткен «Білімді және белсенді жастар – мәңгі елдің келешегі» атты қалалық жастар форумы сындарлы диалог үшін Қазақстан мұнай астанасының жастарының басын біріктірді, деп жазады облыстық «Прикаспийская коммунна» газеті.  
«Қазіргі заманғы Қазақстан жастары біріншіден, туған елінің тарихын жақсы білуі керек, екіншіден, мемлекеттік бағдарламалар туралы толық мәліметі болуы керек, үшіншіден, интернетті сауатты пайдалануы керек, төртіншіден, өз елі үшін пайдалы әрекет етуге тырысуы керек. Біздің шара мақсаты – осының барлығын жастарға жеткізу, оларды қолдау, мемлекет осы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда және ынтымақтасуға дайын деп айту», - деп мәлім етті форумды ашу барысында Атырау үшкі саясат бөлімінің жетекшісі м.а. Гүлбаршын Меңдіқұлова.
Күн бойына APEC Petrotechnic жоғарғы мектеп базасында тақырыптық кездесулер өтті: «Қазақ хандығы кезіндегі батыс өңір», «Жастар саясатына мемлекеттік қолдау», «Жастардың әлеуметтік желілердегі сауаттылығы» тақырыптары бойынша. Жастармен танымал қоғам қайраткерлері мен жас көшбасшылары, белсенді интернет-пайдаланушылар ашық әңгімелесті. Олардың арасында өлкетанушы – Өтепберген Әлімгереев, қалалық жастар саясаты басқармасының жетекшісі Мейірім Қалауи, «Жас Отан» ЖҚ-ның Атырау филиалының атқарушы хатшысы Асқар Бопылдықов, Маңғыстаулық блогшы Темір Бектұр бар.
Қонақтар жастармен сұхбат барысында өздері таңдаған кез келген салада, бизнес болсын, ғылым немесе әлеуметтік желілерде қалай жетістікке қол жеткізуге болатындығы туралы айтып берді, делінген мақалада.
«Бізде жастар үшін барлық жағдай жасалған, бірақ мен ешкімді де ренжіткім келмейді, дегенмен бүгінгі жастар бойкүйездік деген сыртқа бой алдырған. Ол шындық. Олардың бір себебі – мемлекет жастардың барлық мәселелерін шешеді, олардың арасындағы күштілері, дендері саулары үшін қолайлы жағдай жасайтындығында.  Ал көптеген жастар бәрібір оны бағалай алмайды. Тіпті оған көңілдері толмайтындары да бар. Өз кезегінде біздің жастар өздері үшін ешнәрсе істеген де емес, ал сәтсіздіктері үшін мемлекетті айыптайды, құдды бір солар үшін басқа біреулер бірнәрсе жасаулары керектей. Осы бойкүйездік емес пе?», - деді форум барысында А. Бопылдықов.
Ол жақсы оқитындарға мемлекет грант бөлу арқылы жастарға нақты қолдау көрсетіп отырғанына назар аударды. Бірақ оқуды бос уақыт өткізумен шатастыратын жастар да бар, ал олардың ата-аналары күндіз-түні балаларының оқуы үшін тынбай еңбек етіп жүр, деп налынды ол. Оның айтуынша, білім алған жас маманның ұрынатын тағы бір проблемасы – жұмыссыздық.
«Мен Атырауда бос жұмыс орындары жоқ дегенге сенбеймін. Жұмыс бар, бірақ, өкінішке қарай, жақсы мамандар жоқ. Біз жылына бірнеше рет бос орындардың жәрмеңкесін өткіземіз, оларға кем дегенде әр кез 200-дей жастар келеді. Егер солардың оны жұмысқа орналасса біз қуанамыз. Жұмыс іздеп жүрген жастарымыз жұмыс берушілермен қалай сөйлесуді, түйіндемелерін қалай толтыруды да білмейтіндігін мойындауымыз керек. Бірақ ең басты кемшілік – көбі өздері алған мамандық туралы сауалдарға жауап бере алмайды», - деді А. Бопылдықов.
М. Қалауи, өз кезегінде, жұртшылықты ашық сұхбатқа шақырды. Ол жастардан мамандықтарын өздерінің қалаулары бойынша таңдағанын, немесе грант бар мамандықтарға барғанын сұрап, жастар оқу бітірген соң ауылға барып жұмыс істеуге дайын ба деп сұрады. Сонда анықталғаны, жастардың көбісі «көңілдері қалаған мамандықтармен білім алып жатпағаны», және ауылға бару мәселесіне көптеген жастар жауап беруден жалтарғаны белгілі болды.  

adimage