Атырауда бір даңғылдың орташа жөндеуіне Т2 млрд-қа жуық қаражат жұмсамақ

Атырау. 29 сәуір. ҚазТАГ – Атырау қаласында бір даңғылдың орташа жөндеу жұмыстарына Т2 млрд-қа жуық қаражат жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі; атауы - работы по среднему ремонту автомобильной дороги («автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары», қазақ тіліндегі хабарландыруда лоттың атауы орыс тілінде жазылған – ҚазТАГ); қосымша сипаттамасы - Атырау қаласында Әбілқайыр хан даңғылы автомобиль жолын орташа жөндеу; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т1 969 573 238», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 25 сәуірде басталған, 5 мамырға дейін жалғасады.

«Жұмыстар 07.02.2025 жылғы №ГУ/Атырау-1800/2024 ведомстволық сараптаманың қорытындысы бойынша техникалық құжаттамаға сәйкес орындалады. Өнім беруші шарт жасасқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмыс кестесін ұсынуы тиіс. Сонымен қатар, материалдық-техникалық базаны растауы тиіс», - деп сатып алынатын жұмыстардың техникалық ерекшелігінде жазылған.

Фото көзі: gov.kz


adimage