Атырауда есірткі тасымалдаған Нигерия азаматы ұсталды

   Атырау. 22 шілде. ҚазТАГ – Атырауда есірткі тасымалдаған Нигерия азаматы ұсталды, деп хабарлады ІІМ ресми интернет-ресурсы.
  «Атырауда Нигерия Федералдық Республикасының азаматы синтетикалық есірткі заттарын сақтау және тасымалдаумен айналысқан. Shevrolet cruze маркалы автокөлігін тінту кезінде 5 дана полиэтилен қап тәркіленді. Сараптама нәтижелері бойынша тәркіленген заттың әрқайсысы салмағы шамамен 1 гр болатын таспаға оралған "мефедрон" синтетикалық есірткісі екендігі анықталды», - делінген жұма күнгі хабарламада.
  Қазіргі уақытта күдікті Атырау қаласындағы уақытша устау изоляторына қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 296 бабы 4 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

adimage